
Салауатты қалалар – қалалық ортаны тұрақты дамыту арқылы халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жаһандық бастама. Жобаның негізгі қағидаты – қала деңгейінде қабылданатын барлық шешімдерде адам денсаулығының басымдыққа ие болуы.
Жобаның мақсаты – әрбір қала тұрғыны үшін жасына және әлеуметтік жағдайына қарамастан қауіпсіз, қолайлы әрі салауатты өмір сүру ортасын қалыптастыру, соның ішінде физикалық және психоәлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету.
Қазақстанда ДДҰ-ның «Салауатты қалалар» жобасы кезең-кезеңімен іске асырылуда. Жоба аясында салауатты ортаны қалыптастыруға, жергілікті органдармен, білім беру және медициналық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ тұрғындар мен бизнес өкілдерін тартуға бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.
Салауатты қала – бұл экологиялық таза, қауіпсіз әрі өмір сүруге қолайлы орта, онда тұрғындардың денсаулығы негізгі құндылық болып табылады.
Жобаны іске асыру халық денсаулығын жақсартуға, өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік белсенділікті күшейтуге және қалалардың тұрақты дамуына ықпал етеді.