
2025 жылғы 22 желтоқсан күні Маңғыстау облысының санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бірлескен бұйрығының негізінде облыстың медицина қызметкерлері арасында адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру мақсатында республикалық семинар өткізілді.
Семинар барысында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемологиялық бақылау департамент басшы орынбасары Г.Куркинбаева және Маңғыстау облысының денсаулық сактау басқармасының басшы орынбасары А.Балықовтың алғы сөздерімен басталды. Азимбаева Нұршай Юсунтайқызы – ҚР ДСМ СЭБК екпемен басқарылатын ауруларға бақылау басқармасының басшысы «Қазақстан Республикасының адам папилломасына қарсы вакцинациялауды жүргізу және ұйымдастыру» тақырыбында; Смагул Манар Асырқызы – ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төреғасының орынбасары «Вакцинацияның жатыр мойны обырын алдын алудағы маңызы» тақырыбында; Ілес Ақерке Бақытжанқызы – Облыстық онкологиялық орталығының онкогинекологы «Жатыр мойны обырының клиникасы, асқынулары, алдын алу» тақырыбында баяндамалар жасалынды.
Семинарға басқарма басшылары, орынбасарлары, жалпы тәжірибелік дәрігерлер (ВОП), педиатрия мамандары, эпидемиологтар, мектеп мейірбекелері, онкологтар, гинекологтар.
Семинар соңында қатысушылар тарапынан сұрактар койылып, сұрақтарға толыққанды жауап берілді.