2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2025 жылдың  14 қарашасында 2025 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша кеңес өткізілді.

Кеңеске Департаменттің басшылығы, онлайн тәртібімен Департаменттің аумақтық басқармаларының басшылары, Ұлттық сараптама орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшылығы  қатысты.

Департамент басшысы М.Сербаевтың төрағалығымен кеңестің күн тәртібіндегі сұрақтар  қаралып, талқыланды.

Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша эпидемиологиялық ахуал және жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтылу деңгейі, туберкулез бойынша эпидемиологиялық ахуал және жүргізілген іс-шаралар, мемлекеттік тапсырыс жоспарының орындалуы туралы айтылды.

 Департамент басшысымен қаралған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді және  хаттамалық тапсырмалар қабылданды.