
Денсаулықты сақтаудың басты шарты – дұрыс және тиімді тамақтану. Ол ағзаның қалыпты дамуына, жұмыс қабілетінің артуына және түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Дұрыс тамақтану ережелері:
• Тамақты үстел басында, зейін қойып ішу керек;
• Асты асықпай,жақсы шайнап,белгілі режиммен тамақтану қажет;
• Күніне 5 рет аз-аздан тамақтану тиімді;
• Таңғы асты міндетті түрде ішу керек.
Негізгі шарттар:
✅Тағамда белок,май, көмірсу, дәрумендер мен талшықтар болуы тиіс;
✅Тәуліктік мөлшер мен тәртіп сақталуы керек.
✅Ас гигиеналық талаптарға сай болуы қажет.
Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан, қант диабеті және басқа аурулардың алдын алады, ағзаның төзімділігін арттырады. Салауатты өмір салтына дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, күйзелістен аулақ болу, зиянды әдеттерден бас тарту жатады. Бұл-ұзақ, белсенді және сымбатты өмірдің кепілі.