Іс-шараға облыстың емдеу-профилактикалық ұйымдарының мерзімдік медициналық тексерулерді жүргізумен айналысатын профпатолог-дәрігерлері, сондай-ақ облыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың мамандары мен «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» КЕАҚ профессорлары қатысты. Семинардың тақырыбы: «Жұмыс істейтін халықтың денсаулығы – ұлттық қауіпсіздіктің факторы» болды.
Семинар-кеңес барысында зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіби ауруларын ерте анықтау және медициналық тексерулердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, облыстық профпатологиялық кабинет ашу туралы мәселе көтеріліп, ол кабинет анықталған науқастардың диспансерлік бақылауы мен медициналық оңалтуын, сондай-ақ күрделі сараптамалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етуге бағытталатыны айтылды.
Сарапшылар еңбеккерлердің денсаулығын қорғау, еңбек гигиенасы мен еңбек медицинасындағы ең өзекті мәселелерді жан-жақты қарастырды. Кәсіби аурулардың алдын алуға және өндіріс орындарында еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударылды. Семинарға Маңғыстау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары, сондай-ақ өңірдің медициналық және өндірістік мекемелерінің мамандары қатысты.