Дөңгелек үстел барысында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының міндетін атқарушы Куркинбаева Гульнар Утебаевна, облыстағы “Аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық, эпизоотологиялық ахуалы және алдын алу” туралы мәлімдеді. Содан кейін Департаменттің бөлім басшысы М.Е.Рахметова “ Маңғыстау облысындағы 2020-2024 жылдардағы және 2025 жылдың 9 айындағы бруцеллез, құтырма, сібір жарасы ошағындағы эпидемиялық шаралар, аңықталған кемшіліктер және проблемалық сұрақтар” бойынша баяндама жасады. Дөңгелек үстелге Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Б.А.Дуйсенова, Маңғыстау облысының аумақтық инспекциясының басшысы Т.С.Нұртазин, Маңғыстау облысының ветеринария басқармасының басшысының орынбасары Б.Ә.Марқабаев және Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы Т.Ж.Шапағатов қатысты. Дөңгелек үстел барысында Маңғыстау облысы бойынша аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиялық, эпизоотологиялық ахуалын, алдын алуын және алдағы уақытта бірлесіп қандай жұмыстар жасалып, атқарылатын жұмыстарымен және жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, өзара пікір алмасып, шешімін таппаған мәселелер талқыланды. Сұрақтар қойылып сол сұрақтарға толыққанды жауап берілді.