2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2025 жылдың  25 шілдесінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша кеңес өткізілді.

      Кеңеске Департаменттің басшылығы, Департаменттің аумақтық басқармаларының басшылары онлайн форматта, Ұлттық сараптама орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшылығы,  Маңғыстау обаға қарсы күрес станциясының зертхана меңгерушісі қатысты.

               Департамент басшысы М.Сербаевтың төрағалығымен кеңестің күн тәртібіндегі сұрақтар  қаралып, талқыланды.

               2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар, екпемен қамту, мемлекеттік тапсырыс жоспарының орындалуы, көрсетілген мемлекеттік қызметтер, қаралған өтініштер, Маңғыстау обаға қарсы күрес стансасының атқарған жұмыстары, сондай-ақ аудандық басқармалармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес атқарылған жұмыстар туралы айтылды.

               Департамент басшысымен қаралған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді және  хаттамалық тапсырмалар қабылдады.