БҮГІН, 8 мамырда Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімімен Қарағанды облысы бойынша «ҰЭО» ШЖҚ РМК қатысуымен семинар ұйымдастырылды және өткізілді - Қарағанды облысы бойынша қалалық, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен стоматологиялық ұйымдардың басшылары үшін "Стоматологиялық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алудың негізгі қағидаттары", "Парентеральді гепатиттермен сырқаттану", "Стоматологиялық қызметтер көрсететін объектілерде өндірістік бақылау" тақырыптарында ZOOM режимінде кеңес өтті.
Семинар-кеңесті Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин ашып, семинар бағдарламасымен таныстырды. Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Ляззат Секербаева өз сөзінде семинарға қатысушыларды 2025 жылдың 1 тоқсанындағы стоматологиялық ұйымдардағы МККБИ эпидемиологиялық жағдайымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізумен таныстырды. Келесі баяндамада жұқпалы және паразиттік аурулар бөлімінің басшысы Венера Галимова Қарағанды облысы бойынша парентеральді гепатиттермен сырқаттанушылық туралы сөз сөйледі.
Қарағанды облысы бойынша «ҰЭО» ШЖҚ РМК менеджері Г.К.Смагулова стоматологиялық қызмет көрсететін объектілердегі өндірістік бақылау бойынша баяндама жасады.
Семинарға барлығы 111 адам қатысты.