9 мамыр қарсаңында - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне Департамент ұжымы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тыл еңбеккерлерін құттықтады

9 мамыр қарсаңында - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне Департамент ұжымы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тыл еңбеккерлерін құттықтады

9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл мерекесі қарсаңында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин және басшы орынбасары Гүлжан Байгутанова ұжым атынан санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің тыл еңбеккерлерін құттықтады.

Мещерякова Нина Порфирьевна – тыл ардагері.

Ұлы Отан соғысы жылдары егісте картоп жинауға қатысып, еңбек еткен. 1954 ж Томск қаласында медицина институтына оқуға түсіп, 1960 жылы аяқтаған.
Өз еңбек жолын 1960 жылы Ленин СЭС эпидемиолог-дәрігер болып қызмет атқарған, 1974 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
СЭС органдарындағы жалпы қызмет өтілі 35 жылдан астам.
ҚР медальдарымен марапатталған.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы Сізді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, бейбіт аспан тілейді!