9 мамыр қарсаңында - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне Департамент ұжымы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тыл еңбеккерлерін құттықтады

9 мамыр қарсаңында - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне Департамент ұжымы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тыл еңбеккерлерін құттықтады

9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл мерекесі қарсаңында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Юрий Залыгин және басшы орынбасары Гүлжан Байгутанова ұжым атынан санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің тыл еңбеккерлерін құттықтады.

Ибраева Ания Арифовна – тыл ардагері, денсаулық сақтау саласының үздігі.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Шымкент облысында бақша егістіктерінде және мақта жинау жұмыстарына қатысып, еңбек еткен.
1953 жылы Алматы қ. Медицина институтына оқуға түсіп, 1959 жылы аяқтаған.
Өз еңбек жолын Ленин СЭС-та эпидемиолог болып бастаған, 1966 жылы бөлімше меңгерушісі болып тағайындалған.

1982 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін Облыстық СЭС басшының орынбасары болып қызмет атқарған. СЭС органдарындағы жалпы қызмет өтілі 40 жылдан астам.

Санитариялық қызметтің қалыптасуына, дамуына зор үлес қосқан. Ұжым арасында үлкен сыйға ие болған. Бірнеше рет Құрмет Грамоталарымен, КСРО, ҚР медальдарымен марапатталған.

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы Сізді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, бейбіт аспан тілейді!