
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында балаларға арналған тәтті сыйлықтар үлкен сұранысқа ие, олардың ассортименті дүкен сөрелерінде өте көп. Арнайы зерттеулер жүргізбестен, сатып алушыға қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдау қиынға соғады, осыған байланысты Департамент, тәтті сыйлықтарды таңдағанда келесідей негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:
- сыйлықтың қаптамасын мұқият қарап шығыңыз, ол тұтас және ашық болмауы тиіс, жарамдылық мерзімі, құрамдас бұйымдардың тізбесі, құрамына кіретін ингредиенттер, кондитерлік бұйымдар дайындаушысы, тағамдық құндылығы, сақтау шарттары туралы ақпаратпен таңбалануы, сондай-ақ өнімнің нарықтағы айналымының бірыңғай белгісі (ЕАС) болуы тиіс;
- баланың жасына, сондай-ақ өнімнің пайдалы болуына байланысты тәттілерді таңдау керек. Мармелад, желе кәмпиттері, пастила, зефир, жаңғақтар, кептірілген жемістер сияқты кондитерлік өнімдерді таңдауды ұсынамыз.
- кондитерлік өнімдердің құрамында тағамдық қоспалар, консерванттар, гомогендірілген майлар, оның ішінде пальма майы өте аз жиынтықтарды таңдау керек,
- егер сыйлықтың ішінде кондитерлік өнімдермен бірге ойыншық болса, онда ол туралы ақпарат қаптамада жазылуы керек.