СЕМИНАР: 2024 жылғы Еуропалық иммундау апталығы

СЕМИНАР: 2024 жылғы Еуропалық иммундау апталығы

Бүгін, 24 сәуірде Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) шеңберінде " №3 емхана" КМК-да Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанованың және Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санэпидбақылау басқармасының бөлім басшысы Жанар Беркімбаеваның қатысуымен жоспарлы вакцинациядан бас тартқан ата-аналарға, медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.

Сондай-ақ іс-шараға Қанат Рахметов, Әл-Машани қалалық мешітінің наиб-имамы, Қарағанды қаласының Михаил-Архангельск соборының   Ерейі Александр Подкова және БАҚ өкілдері қатысты.

Гүлжан Байгутанова 2024 жылғы Еуропалық иммундау апталығының мақсаты – халықтың жұқпалы аурулардың вакцинопрофилактикасына оң көзқарасын қалыптастыру, денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау, өмір сүру ұзақтығын арттыру, тұрғындардың вакциналарға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін иммундаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру туралы айтып берді.

Иммундау жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалады және бұл жағдайды сақтап қалу қажет. Вакцинамен басқарылатын инфекциялардың өршуінің айтарлықтай төмендеуі көптеген жұқпалы ауруларды сирек кездесетін жағдайға айналдырды.  Дегенмен, вакцинамен басқарылатын инфекциялар әлі де мүгедектік пен өлімнің себебі болып табылады.

Спикер бұл науқан вакцинациядан бас тарту мәселесіне назар аударуға бағытталғанын атап өтті.

Облыста қызылшаны тіркеу жалғасуда, өткен жылдың ақпан айынан бастап ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша облыста қызылшаның зертханалық расталған 2 097 жағдайы тіркелді, бұл ретте барлық сырқаттанушылықтың 67%-ы 2024 жылдың өткен кезеңінде тіркелген. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында қосымша жаппай иммундау жүргізілді, оның аясында бүгінде 63 000-ға жуық адам егілді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні 2024 жылдың өткен кезеңінде көкжөтелдің 84-тен астам жағдайы тіркелді, ал 2023 жылы көкжөтелдің тек 11 жағдайы тіркелген болатын. Ағымдағы жылы А вирустық гепатитімен сырқаттанушылықтың өткен жылмен салыстырғанда 16 жағдайға өсуі байқалады.

Сонымен қатар, Гүлжан Жақтайқызы облыста толықтыра иммундау жүргізіліп жатқанын, ата-аналар балаларында барлық жоспарлы екпелердің бар-жоғын тексеріп, профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес тіркелген жері бойынша вакцинациядан өтуі қажет екенін еске салды.

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның санэпидбақылау басқармасының бөлім басшысы Жанар Беркімбаева облыстың әрбір әкімшілік аумағында Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың кемінде 95% - на қол жеткізумен тікелей байланысы бар басқа да вакцинамен басқарылатын инфекцияларды (қызамық, дифтерия, полиомиелит және т. б. ) тіркеуді қайта басталу қаупі жоғары екенін атап өтті және ата-аналарды вакцинациядан бас тартпауға шақырды, өйткені иммундау балаларды және бүкіл халықты бірқатар аурулардан қорғаудың ең сенімді әдісі болып табылады.

Семинар соңында спикерлер журналистер мен вакцинациядан бас тартқан аналардың сұрақтарына жауап берді. 

Еуропалық иммундау апталығының түпкі мақсаты - қоғамды вакциналар арқылы алдын алуға болатын аурулардан қорғау.