СЕМИНАР-КЕҢЕС: Жазғы сауықтыру науқанына дайындық туралы

СЕМИНАР-КЕҢЕС: Жазғы сауықтыру науқанына дайындық туралы

Бүгін, 24 сәуірде Қарағанды облысының санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаментінде ZOOM режимінде қала сыртындағы жазғы сауықтыру ұйымдарының өкілдерімен және аумақтық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарымен семинар-кеңес өтті.

Семинар–кеңесте жазғы сауықтыру науқанына дайындық барысы, балалардың жазғы сауықтыру ұйымдарына (ЖСҰ) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру бойынша мемлекеттік қызмет  көрсету мәселелері қаралды.

Кеңесте ЖСҰ-да болу кезеңінде маңызды рөл балалар мен жасөспірімдер арасында тамақтан уланудың, жіті ішек инфекцияларының алдын алуға бөлінді.

Сонымен қатар, 2023 жылы ЖСҰ тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қарастырылды. ЖСҰ-ің өкілдері тарапынан қойылған барлық сұрақтарына жауаптар берілді.