ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨКЖӨТЕЛМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ. ВАКЦИНАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨКЖӨТЕЛМЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ. ВАКЦИНАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

Бүгін Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин журналист, радио жүргізушісі Анна Строкованың қатысуымен тікелей эфир өткізді. Спикер өңірдегі көкжөтел бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы, егер аурудың бастапқы белгілері ЖРВИ-ге ұқсас болса, ата-аналарға неге баса назар аудару керектігін және оның жас балалар үшін қауіпті екенін айтты.

Спикер вакцинацияның уақтылы жүргізілмеуі көптеген жұқпалы аурулардың өршуіне әкелуіне, жоспарлы вакцинациядан өтпеген балалар уақыт өте келе әртүрлі вирустық және инфекциялық ауруларды жұқтыруы мүмкіндігіне баса назар аударды.

Балалар өздерінің жасына байланысты әртүрлі инфекцияларға өте сезімтал, сондықтан әр ата-ана баласының болашағы туралы алдын-ала ойланып, оны жұқпалы аурулардың ықтимал асқынуларынан қорғауы керек.

Жұқпалы аурулардың алдын алудың жалғыз құралы – вакцинация екенін ұмытпаңыздар!

СІЗДІҢ БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ - СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА!