ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ БАЛАҢЫЗДЫ КӨКЖӨТЕЛДЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?

ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ БАЛАҢЫЗДЫ КӨКЖӨТЕЛДЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?

Вакцинамен басқарылатын көптеген инфекциялар бойынша ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне байланысты жоспарлы вакцинацияны өткізіп жіберу және вакцинациядан бас тарту салдарынан көкжөтел, қызамық, полиомиелит және тағы басқа ұмытыла бастаған инфекциялардың қайта басталу қаупі бар.
Мәселен, облыста өткен жылдан бастап көкжөтел тіркелуде.

Тұрғындарды көкжөтелден қорғаудың және алдын алудың негізгі әдісі вакцинопрофилактика болып табылады. Көкжөтелге қарсы иммундау профилактикалық егулердің Ұлттық күнтізбесі шеңберінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында вакцинация екі, үш, төрт айлық жастағы үш екпеден және 18 айда ревакцинациядан тұрады. Сонымен қатар, мектепке барар алдында 6 жасында көкжөтелге қарсы қосымша ревакцинация қарастырылған.

Есіңізде болсын, статистикаға сәйкес, екпе алмаған балалар вакцина алғандарға қарағанда әлдеқайда жиі ауырады және ауру ағымы оларда ауыр өтеді. Вакцинация көкжөтелді жұқтыру қаупін азайтып, ал егер бала ауырып қалса да, ауру асқынусыз жеңіл өтеді.

Екпе алудан бас тартпаңыз, балаларыңызды инфекциясынан қорғаңыз!