КӨКЖӨТЕЛ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ?

КӨКЖӨТЕЛ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ?

Көкжөтел - бірқатар ауыр асқынуларды тудыруы мүмкін. Көкжөтел өмірдің алғашқы айларындағы балаларда ауыр жөтелмен, тыныс алудың тоқтауы, құрысулар, энцефалопатияның дамуымен жүреді. Көкжөтел отбасылық ошақтарда таралуымен сипатталады.
Науқас адам аурудың алғашқы күндерінен бастап инфекция көзі болып табылады.

Ата-аналар көбінесе көкжөтелдің алғашқы белгілерін жеңіл суық тию деп қателеседі және ауырған бала басқа балалармен байланыстарын жалғастырады, осылайша олар жұқтыру қаупін туғызады.
Егер отбасында жедел респираторлық вирустық инфекциялар белгілері бар және ұзақ жөтеліп жүрген науқас болса, жасына байланысты екпе алмаған балалармен байланысты шектеу қажет. Үй-жайда арнайы жуғыш заттарды қолдана отырып, күнделікті дымқыл тазалауды ұйымдастырып, содан кейін желдету керек.