КӨКЖӨТЕЛ ДЕГЕН НЕ?

КӨКЖӨТЕЛ ДЕГЕН НЕ?

Көкжөтел - белгілі бір бактериялар тудыратын тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруы. Көкжөтел қоздырғышы ауа тамшыларымен, әсіресе жөтелу және түшкіру арқылы таралады.

Адам кез-келген жаста бұл ауруға бейім болады, оның ішінде көкжөтел инфекциясына туа біткен иммунитет дамымайды, өмірдің алғашқы күндерінен бастап науқаспен байланыста болғанда инфекцияның жұғу ықтималдығы 90% құрайды.

Көбінесе 1 айдан бастап 6 айына дейінгі, жоспарлы вакцинация алмаған балалар ауруға шалдығады, ересектер арасында да көкжөтел кездеседі.