
2026 жылғы 30 қыркүйек күні Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде (бұдан әрі – Департамент) Департамент басшысы Ю.Л. Залыгиннің төрағалығымен білім беру саласындағы облыстық басқарма, аумақтық білім бөлімдерінің өкілдері, мектеп директорлары, медицина қызметкерлері және мектептегі тамақтандыру қызметін жеткізушілердің қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асырудың жаңа тәсілдері, білім алушылар арасында жіті ішек инфекциялары мен тамақтан уланудың алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті.
Департамент басшысы Ю.Л.Залыгин өз сөзінде 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап республикада мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және балаларға тамақтандыру, тұру, медициналық көмек көрсету, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру қызметтерін көрсететін объектілерге қатысты мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі қолданысқа енгізілгенін атап өтті. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың жаңа форматы бұзушылықтардың алдын алуға, профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған. Бұл формат мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдарда жоспардан тыс тексерулер жүргізуге және бақылау іс-шараларын неғұрлым жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Семинар барысында Департаменттің білім беру және тәрбие объектілерін бақылау бөлімінің басшысы М.Е. Бельгибаева және инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы А.А. Амангелдиева сөз сөйледі.
Спикерлер қатысушыларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа форматын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Баяндамалар барысында мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға егжей-тегжейлі тоқталып, сондай-ақ білім алушылар арасында тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының алдын алудың тиімді шараларын атап өтті.