Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында семинар өтті

2026 жылғы 25 қыркүйекте Қарағанды облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімімен (бұдан әрі – АІБ) қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандарына арналған «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР ДСМ 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы) тақырыбында ZOOM бейнеконференцбайланыс режимінде семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар барысында «Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-151 бұйрығы талқыланды.

Семинарды АІБ басшысы Л.Т. Секербаева ашып, қатысушыларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 151 бұйрығына және 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды. Ол ерекше бақылаудағы тексерулерді жүргізуге толығырақ тоқталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте (ӘҚБтК) көзделген тәртіппен заңдылықтың бұзылу жағдайларын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жеке ұсыныстарын дайындау және шығару тәртібін түсіндірді. Семинарды Ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Л.К. Садықова жалғастырып, қатысушыларды осы Санитариялық қағидалардың 1, 2, 3-тарауларына және 2, 3-қосымшаларына енгізілген толықтырулар мен өзгерістермен таныстырды. Олар: терминдер, медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, қол гигиенасы, денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы іс-шаралардың сапасын бактериологиялық бақылау мәселелері.

Сонымен қатар, халықаралық медициналық-санитариялық қағидалар тетіктері шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындықтың негізгі компоненттері және елдің негізгі әлеуетін нығайту бойынша ұсынымдар берілді.