ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындау мақсатында, 2024 жылғы 15 қаңтардағы №11-Ө бұйрығымен бекітілген «Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2023–2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы базасында мемлекеттік қызметшілерге арналған мемлекеттік тілді оқытудың екі айлық курсы өз мәресіне жетті.

Оқу курсына Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысып, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлерін жетілдіріп, кәсіби қызметте қолдану дағдыларын нығайтты.

Мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби міндеттерін сапалы орындауының маңызды құрамдас бөлігі. Мемлекеттік тілді еркін қолдану мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара байланысты нығайтып, халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді оқып-үйрену – ұлттық құндылықтарды құрметтеудің, ел бірлігін нығайтудың және қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың маңызды тетігі.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, оның мәртебесін арттыруға және дамытуға бағытталған осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін жетілдіруге, ресми құжат айналымы мен күнделікті қызмет барысында қазақ тілін кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тілді дамытуға және оның қоғамдағы беделін арттыруға қосып жүрген үлестеріңіз үшін барлық қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің, ұлттық құндылықтарымыздың және Тәуелсіздігіміздің берік негізі. Баршаңызға зор денсаулық, кәсіби табыс және мемлекеттік тілді дамыту жолындағы еңбектеріңізге толағай жетістіктер тілейміз!