
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылдың 5 айында бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде 1096 өнім сынамасын зерттеді. Сараптама нәтижелері бойынша өнімнің 62 сынамасында белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер анықталды, бұл зерттелген үлгілердің жалпы санының 5,6% -ын құрады.
Бұл ретте 814 сынаманы (74,3%) тамақ өнімдері құрады. Сараптама нәтижелері бойынша белгіленген талаптарға сәйкессіздіктер 27 сынамада (3,3%) анықталды, оның 7,4% - ы микробиологиялық көрсеткіштерге, 92,6%-ы өнімді таңбалауға тиесілі.
Азық-түлік емес өнімдерге 282 сынама (25,7%) зерттелді. Сәйкессіздіктер 35 сынамада анықталды (12,4%), олардың барлығы таңбалау талаптарының бұзылуымен байланысты.
Зерттелген өнімнің ішінде 185 сынама (16,9%) отандық өндіріс тауарлары, 911 сынама (83,1%) импорттық өнім болды.
Барлық анықталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел ден қою шаралары қабылданды.
Департамент кәсіпкерлік субъектілеріне өнімді өндіру, әкелу, сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.