Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы жұмыс сапарымен Балқаш қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына барды

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы  жұмыс сапарымен Балқаш қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына барды

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин жұмыс сапарымен Балқаш қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына келді. Сапар барысында тұрғындардың демалу орындарын суға түсу маусымына дайындау, " Balkhash Tour Fest-2026 " туристік фестиваль өткізу, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жұқпалы аурулардың, оның ішінде ботулизмнің алдын алу шаралары туралы кеңес өтті.

Кездесу барысында ол материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен, сондай-ақ басқарма қызметінің негізгі өзекті мәселелерімен танысты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігіне назар аударылды.