2026 жылғы 5 айдағы ауыз судың сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері туралы

2026 жылғы 5 айдағы ауыз судың сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері туралы

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды сапасы кепілді ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда екенін хабарлайды.

Осылайша, облыс бойынша 600 бақылау нүктесі анықталды, онда санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге, оның ішінде органолептикалық (дәмі, түсі), сондай-ақ зиянды химиялық заттарға судың сапасына тұрақты негізде бақылау жүргізіледі.

Жыл басынан бері санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін сынамалардың үлес салмағы 0,3%-құрады, микробиологиялық жағынан сәйкес келмейтін сынамалар анықталған жоқ.

Бұл ретте, су тасқыны кезеңінде зертханалық бақылау күшейтілді және 1 наурыздан бастап орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтаудан қосымша 189 бақылау нүктесі анықталды.

Ауыз суға зертханалық зерттеулерді ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының аккредиттелген зертханасы жүргізеді. Осыған байланысты сертификаттары мен тиісті рұқсат құжаттары жоқ өз аспаптарымен судың сапасын анықтайтын тексерілмеген көздерге сенбеуіңізді сұраймыз.

Халықты сапалы және қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету санитариялық қызметтің басым міндеттерінің бірі болып қала береді. Осыған байланысты, ішуге және тамақ дайындауға тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалануды ұсынамыз, белгісіз табиғи көздерден суды қолдануға болмайды.