
БҮГІН, 2 маусымда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин жұмыс сапарымен Приозерск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына барып, басқарма ұжымымен кеңес өткізді. Кездесу барысында Юрий Залыгин туризм объектілерінің суға түсу маусымына дайындығы, материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту бойынша жүргізілген жұмыстармен, сондай-ақ басқарма қызметінің негізгі проблемалық мәселелерімен танысты.
Бұдан басқа, қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салынды. Қызметкерлердің назары кез-келген құмар ойындарға қатысуға тыйым салуға және басқа қабылданған шектеулерді мінсіз сақтауға аударылды.
Әкімшілік және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кеңеске қатысушыларға заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ ықтимал бұзушылықтарды уақтылы анықтау және алдын алу тетіктері түсіндірілді.
Осы ретте, әрбір мемлекеттік қызметшінің ажырамас міндеті болып табылатын Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауға назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлер өзекті сұрақтарға жауаптар, сондай-ақ жұмыс сапасын арттыруға және мемлекеттік органның қызметіне халықтың сенімін нығайтуға бағытталған практикалық ұсынымдар алды.