
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен жыл сайын 5 мамырда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қол гигиенасы күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты – таза қолдың денсаулық пен инфекцияның алдын алудағы маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру.
Қол гигиенасы – жұқпалы аурулардың таралуын болдырмаудың ең қарапайым, қолжетімді және тиімді әдістерінің бірі. ДДСҰ мәліметтері бойынша, қолды дұрыс жуу ішек инфекцияларының қаупін 40%-ға дейін, ал респираторлық инфекциялардың қаупін шамамен 20%-ға дейін азайта алады. Қол гигиенасы ережелерін сақтау халықтың денсаулығын қорғауда шешуші рөл атқарады.
5 мамыр күні ерекше маңызды: әр қолдағы бес саусақ қолды күтудің маңыздылығын еске салады.
COVID-19 пандемиясы микробтардың таралуын тоқтатудың және сау болудың ең тиімді жолдарының бірі – қолды сабынмен және сумен жуу екенін еске салды. Медициналық мекемелерде қол тазалығын басты назарда ұстау үшін, барлық деңгейдегі адамдар қол гигиенасының өмірді құтқарудағы маңыздылығын білуі керек. Қолдар патогендердің таралуында маңызды рөл атқарады! Бактериялар мен вирустар қауіпті: кейбір адамдар үшін бұл симптомсыз инфекция, ал басқалары үшін бұл өлім қаупі. Инфекцияның таралуын болдырмау және қауіпті топтағы адамдарды инфекцияның ауыр асқынуынан қорғау үшін тек медицина қызметкерлері ғана емес, әрқайсымыз қол гигиенасы ережелерін сақтауымыз маңызды. Қолды сабынмен мұқият жуу немесе 20-30 секунд ішінде спиртті антисептикпен өңдеу көптеген өлімге әкелетін аурулардың алдын алады.
Қол гигиенасы – микробтардың медициналық ұйымдарда және қоғамда таралуын болдырмаудың ең жақсы әдісі.
Ол медициналық көмекке байланысты көптеген инфекциялардың алдын алады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) науқаны «Өмірді құтқарыңыз: қол тазалығын сақтаңыз» ұранымен өтуде.
Қол гигиенасын сақтау – өмірді құтқаратын кішкентай әрекет!