
Көктем біртіндеп өз күшіне енуде: күн жылынып, тұрғын үйлердің аулаларында, ойын алаңдарында қар еруде.
Балалар ұзақ қыстан кейін құмсалғыштардағы ойындарына: әртүрлі заттар, үйшіктер, "құпияларды" жасауға асығуда. Сәуір мен қазан айлары аралығында құм жәшіктері жас балалардың сүйікті ойын орындарының біріне айналады.
Осыған байланысты, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ересектерге әрбір аулада, әрбір мектепке дейінгі ұйымда бар балалар құмсалғыштары инфекциялық және паразиттік аурулардың ықтимал көздері болуы мүмкін екенін еске салады. Ересектердің назарынан тыс қалған құмсалғыштарға иттер, мысықтар, кеміргіштер мен құстар келеді. Құрттар, токсокарлар, токсоплазмалар, лямблиялар, эхинококктар - бұл нәжісте, жүнде, жануарлардың қауырсындарында болуы мүмкін паразиттердің толық тізімі емес. Ылғал құм патогендік бактериялардың көбеюін тудырады.
Құмды ластанудан және құмсалғыштың ылғалдануынан қорғау үшін түнде, сондай-ақ ұзақ жауын-шашын кезінде қақпақтармен жабу керек.
Құмды мезгіл-мезгіл қазып алу, оған түскен тастарды, шөптерді, тамақ қалдықтарын және паразиттер мен бактериялардың көзі болуы мүмкін басқа қоқыстарды алып тастау, сондай-ақ 40 см тереңдікке електен өткізу ұсынылады.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жыл сайын көктемгі кезеңде ойын алаңдарында құмның толық ауыстырылуы жүргізілуі тиіс. Алдымен құм жәшіктерін қыс мезгілінде жиналған барлық қоқыстардан тазарту қажет.
Паразитологиялық, микробиологиялық, санитариялық-химиялық, радиологиялық көрсеткіштер бойынша жаңадан әкелінетін құм нормативтерге сәйкес келуі тиіс. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері нормативтерге сәйкес келмеген жағдайда құмды кезектен тыс ауыстыру жүргізіледі.
Осы іс-шаралардың барлығы балалардың паразиттік аурулармен ауыру қаупін азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар, балалармен серуендеуге бірге шығатын ересектерге әрқашан қолында дымқыл майлықтар болуын ұсынамыз, баланың қолын, қалыптарын, қасықтарын және құмда болған басқа заттарды аузына тартпауын қадағалаңыз, әр серуеннен кейін ойыншықтар мен аяқ киімдерді мұқият өңдеңіз.
Балаларға жеке гигиена дағдыларын үйретіңіз: серуендеуден кейін, құмсалғышта ойнағаннан кейін, иттермен, мысықтармен байланыста болғаннан кейін, тамақтанар алдында, дәретханадан кейін қолды сабынмен жуу керектігін ескертіңіз.
Құрметті ересектер, сіз балалардың денсаулығына жауапты екеніңізді ұмытпаңыз! Балалардың денсаулығы - сіздің қолыңызда!