
Таңғы ас – бұл тек күннің алғашқы тамағы ғана емес, ол күні бойындағы денсаулық пен жұмыс қабілетіңізге қосылатын маңызды үлес.
Қарағанды облысындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, орта есеппен оқушылардың 19%-ға дейінгі бөлігі таңғы ас ішпейді. Бұл ретте бастауыш сыныптарда бұл көрсеткіш төмен (5%), орта буында 10%-ға дейін өседі, ал жоғары сынып оқушылары арасында 14%-ға жетеді.
Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мамандардың мәліметтері бойынша, таңғы асты тұрақты ішу қант диабеті, семіздік және жүрек аурулары сияқты дерттердің даму қаупін төмендетеді.
Таңғы ас зат алмасуды іске қосады. Түнгі ұйқыдан кейін ағзаға энергия қажет — таңғы ас метаболизмді белсендіреді. Таңғы ас зейін мен жұмыс қабілетін арттырады, бұл әсіресе оқушылар мен жұмыс істейтін адамдар үшін маңызды. Таңғы асты тұрақты ішу тәбетті реттейді және күн ішінде артық тамақтану қаупін азайтады, сол арқылы қалыпты салмақты сақтауға және дене салмағының тұрақтылығына ықпал етеді.
Теңгерімді таңғы ас құрамында: күрделі көмірсулар (ботқа, тұтас дәнді нан), ақуыз (жұмыртқа, сүзбе, йогурт), жемістер немесе көкөністер, жылы сусын (шай, су) болуы тиіс.
Таңғы асты өткізіп жіберу энергияның төмендеуіне, ашушаңдыққа және зейіннің жеткіліксіз болуына, артық салмақ қосу қаупінің артуына және зат алмасудың бұзылуына әкелуі мүмкін.
Ұсыныстар: оянғаннан кейін 1 сағат ішінде таңғы ас ішуге тырысыңыз, таңғы ас кезінде тәтті және майлы тағамдардан аулақ болыңыз, таңғы асты тұрақты әдетке айналдырыңыз.
Өз денсаулығыңызға және балаларыңыздың денсаулығына қамқорлық жасаңыз — әр күніңізді дұрыс бастаңыз!