
Семіздік — бүгінгі таңда кең таралған өзекті денсаулық мәселелерінің бірі, ол жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, артериялық гипертензияның және басқа да созылмалы сырқаттардың даму қаупін арттырады.
Қарағанды облысында, бар әлемде сияқты, халық арасында артық салмақтың, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында да, артуы байқалады.
Қарағанды облыстық «С.Ж. Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК филиалының ресми деректеріне сәйкес, 2021–2025 жылдар аралығында: 14 жасқа дейінгі балалар арасында семіздікке шалдығу көрсеткіші 24,5%-ға артқан, балалардың шамамен 0,9%-да қант диабеті бар, 14%-да тұқым қуалайтын бейімділік анықталған, әрбір оныншы балада артық салмақ кездеседі.
Нені білу маңызды?
Семіздік ағзаға түсетін энергия мөлшері оны жұмсаудан ұзақ уақыт бойы артық болған кезде дамиды.
Негізгі себептері:
• теңгерімсіз тамақтану
• дене белсенділігінің төмендігі
• күйзеліс
• ұйқы режимінің бұзылуы
Семіздіктің алдын алу жолдары
Дұрыс тамақтану
• көкөністерді, жемістерді және тұтас дәнді өнімдерді көбірек тұтыну
• қантты, фастфуд және тәтті сусындарды шектеу
• тағам мөлшерін бақылау
Дене белсенділігі
• аптасына кемінде 150 минут орташа белсенділік
• күн сайын кемінде 30 минут серуендеу
• экран алдында өткізетін уақытты шектеу
Сапалы ұйқы
• тәулігіне 7–9 сағат ұйықтау
• күн тәртібін сақтау
Су ішу тәртібі
• жеткілікті мөлшерде таза су ішу
• тәтті сусындарды азайту
Тұрақты тексерілу
• дене салмағын және дене салмағы индексін (ДСИ) бақылау
• салмақ қосылған жағдайда дәрігерге уақытылы қаралу
Маңызды: дұрыс өмір салтын қалыптастыру — семіздіктің алдын алудың басты негізі.