
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бас маманы Гүлмира Муксинова «Новое ТВ» телеарнасының «Сәтті күн» бағдарламасына қатысып, Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күніне орай сұхбат берді.
Сұхбат барысында туберкулездің алдын алу шаралары, аурудың алғашқы белгілері, ерте анықтаудың маңыздылығы және халық арасында профилактикалық тексерулерден уақытылы өту қажеттілігі туралы кеңінен айтылды.
Маман тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, жыл сайынғы флюорографиялық тексеруден өтудің маңыздылығын атап өтті.
Толығырақ келесі сілтемеден көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=BefGx0XECEo