
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде қолданыстағы заңнаманы сақтау, оларды құқықтық бағалау, сондай-ақ тараптардың мүдделер теңгерімін ескере отырып, объективті, жан-жақты және бейтарап қарау қағидаттары» тақырыбында семинар өткізілді.
Спикерлер ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2024 жылғы 13 тамыздағы №92-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 802-бабының 1-бөлімі мен 2-бөлімі 3-тармақшасын қолдану алгоритмінің негізгі ережелерін түсіндірді.
Қазақстан Республикасының ӘРПК енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 241-VIII ҚРЗ «Әкімшілік әділет, нормалық-құқықтық актілерді жасау және заңдық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі бойынша әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру мерзімдері қаралды.
Сондай-ақ, Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабына қатысты талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар адам мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіпті тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою қағидаларының талаптары түсіндірілді. Арнайы назар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мәселелері мен қауіпті тамақ өнімдерін сақтау шарттарына аударылды.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.