Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Саран қалалық санэпидбақылау басқармасында көшпелі семинар-кеңес өткізді

Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Саран қалалық санэпидбақылау басқармасында көшпелі семинар-кеңес өткізді

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Берік Жолдыбаев пен құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дмитрий Арнт Саран қалалық санэпидбақылау басқармасында көшпелі семинар-кеңес өткізді. Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманың негізгі ережелері және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары туралы айтылды.

Кездесу барысында Берік Жолдыбаев мемлекеттік органның ұжымындағы моральдық-психологиялық ахуалды анықтау үшін мемлекеттік қызметшілерге анонимді сауалнама жүргізді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің лудомания және басқа да әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік шараларын кеңейтуге қатысты қолданыстағы заңнамадағы жаңалықтар айтылды.

Дмитрий Арнт өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуы туралы айтып, жоғары тұрған лауазымды адамға немесе бірыңғай Call-centr - 1424-ке дайындалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы міндетті түрде хабарлау туралы еске салды.

Санпидбақылау департаменті облыс тұрғындарына еске салады: Егер сіз ведомство немесе оның аумақтық басқармалары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне куә болсаңыз, сізде бірнеше байланыс арналары бар:
- Біздің мекен-жайымыз: Қарағанды, Әлиханов көшесі, 2
- Сенім телефоны: 8 (7212) 41-14-28
- Департаменттің порталдағы ресми сайты gov.kz
- электрондық үкімет порталы: egov.kz