Қарағанды облысының жекеменшік мектептерінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар өтті

Қарағанды облысының жекеменшік мектептерінде санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар өтті

"АТАМЕКЕН" кәсіпкерлер палатасының алаңында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жеке меншік нысанындағы білім беру мектептері өкілдерінің, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарының қатысуымен семинар өткізді.

Департамент басшысының орынбасары Айгерім Жылқыбаева қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына әсер ететін жағымсыз факторлардың саны айтарлықтай өскенін, осыған байланысты балалар мен жасөспірімдер көп уақыт болатын мектептерде қолайлы және қауіпсіз ортаны құру және қолдау өте маңызды екенін атап өтті.

Спикерлер - Департаменттің білім беру және тәрбие объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Майра Белгібаева, Департаменттің мониторинг, талдау және тәуекел жүйесі бөлімінің басшысы Сергей Дадыверин семинар қатысушыларына білім беру объектілерін күтіп-ұстауға, пайдалануға, оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндірді, облыс мектептерінде балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы емес аурулардың алдын алу жөніндегі "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер" бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асырылу барысымен таныстырып, семинарға қатысушылар қойған сұрақтарға жауап берді.