"Теміртау қаласының жаңа емханасы" ЖШС базасында болашақ аналармен вакцинацияның маңыздылығы бойынша кездесу өтті

"Теміртау қаласының жаңа емханасы" ЖШС базасында  болашақ аналармен вакцинацияның маңыздылығы бойынша кездесу өтті

"Теміртау қаласының жаңа емханасы" ЖШС базасында Теміртау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары болашақ аналармен вакцинацияның маңыздылығы бойынша кездесу өткізді.

Іс-шара барысында жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды, вакцинация бойынша қолданыстағы ұсынымдар түсіндірілді, сұрақтарға жауаптар берілді.
Мұндай кездесулерді өткізу халықтың хабардарлығын арттыруға және ана мен болашақ баланың денсаулығын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Вакцинация - бұл Сіздің және балаларыңыздың денсаулығын сақтаудың уақытпен тексерілген тәсілі!