Инвесторларға қатысты бақылау-қадағалау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде "прокурорлық сүзгі" жұмысы мәселесіне арналған кеңес өткізілді

Инвесторларға қатысты бақылау-қадағалау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде "прокурорлық сүзгі" жұмысы мәселесіне арналған кеңес өткізілді

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгиннің төрағалығымен Қарағанды облысы прокурорының аға көмекшісі Анна Рудавинаның қатысуымен инвесторларға қатысты бақылау-қадағалау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде "прокурорлық сүзгі" жұмысы мәселесіне арналған кеңес өткізілді.

Мәселен, мемлекеттік органдар шығаратын барлық тексерулер, оның ішінде жедел ден қою және әкімшілік ықпал ету шаралары бойынша жоғары қадағалау өкілдерімен, яғни аумақтық прокурорлармен міндетті түрде келісілетін болады. Бұл шара бірінші кезекте заңдылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасындағы инвесторлар үшін әкімшілік кедергілерді болдырмауға бағытталған.

Кеңес барысында инвестициялық пулы бойынша сүзгіні іске асыру алгоритмі талқыланды және шығарылған актілерді дереу келісу мақсатында прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.