Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында иммунопрофилактика мәселелері бойынша медициналық кеңестің отырысы өткізілді

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында  иммунопрофилактика мәселелері бойынша медициналық кеңестің отырысы өткізілді

БҮГІН, 10 ақпанда, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында иммунопрофилактика мәселелері бойынша медициналық кеңестің отырысы өткізілді. Отырысқа Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілі, сондай-ақ БМСК ұйымдарының басшылары қатысты.

Медициналық кеңес барысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша иммунопрофилактика саласындағы көрсеткіштер талқыланды. Атап айтқанда, декреттелген топтардың екпемен қамтылу деңгейі, барлық егулер бойынша қайталама вакцинацияның орындалуы, сондай-ақ адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы 11 жастағы және 12–13 жастағы қыз балаларды вакцинациялау көрсеткіштері бойынша ақпарат тыңдалды.

Сонымен қатар, менингит және қызылша ауруларының тіркелу жағдайлары, аталған инфекциялар бойынша эпидемияға қарсы алдын алу шараларының жүргізілу барысы қаралды. Иммунопрофилактика бойынша өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешуге бағытталған тиісті ұсыныстар берілді.

Отырыс қорытындысы бойынша медициналық кеңестің шешімі қабылданды.
Медициналық кеңес жұмысына барлығы 20 адам қатысты.