Колледж басшылығы үшін "Салауатты университеттер" жобасының тұсаукесері бойынша кеңес өткізілді

Колледж басшылығы үшін "Салауатты университеттер" жобасының тұсаукесері бойынша кеңес өткізілді

БҮГІН, 10 ақпанда, Облыстық білім басқармасының алаңында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен арнайы орта білім беру ұйымдарында "Салауатты университеттер" бағдарламасын енгізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және балалар мен жасөспірімдерді қорғау саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудағы жаңа тәсілдерді түсіндіру мақсатында кезекті жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңес жұмысына Департамент, білім басқармасы, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылығы, облыстың арнаулы орта оқу орындарының әкімшілігі қатысты.

Департамент басшысы Юрий Залыгин өзінің кіріспе сөзінде бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңдерінде әдістемелік сүйемелдеуді аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары жүзеге асыратынын, бұл "Салауатты университеттер" жобасына қатысушыларға колледж студенттері арасында инфекциялық емес сырқаттанушылықтың алдын алу мәселелерінде консультациялық-әдістемелік және практикалық көмек алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Кеңеске қатысушылардың назарына Департамент бөлімінің басшысы Сергей Дадыверин Қарағанды облысының колледждерінде "Салауатты университеттер" бағдарламасын енгізу және іске асыру үшін іс-қимыл алгоритмін ұсынды.

Сондай-ақ Департамент бөлімінің басшысы Майра Белгібаева мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын және балаларға тамақ, тұру, медициналық көмек, білім беру, тәрбие және сауықтыруды қоса алғанда, қызметтер көрсететін ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың ерекше тәртібін түсіндірді.