
БҮГІН, 6 ақпанда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент басшысының орынбасары Айгерім Жылқыбаеваның төрағалығымен ZOOM режимінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандарының қатысуымен балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жаңа тәсілдер бойынша семинар-кеңес өтті.
Департамент басшысының орынбасары А. Жылқыбаева 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап республикада мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын және балаларға тамақ, тұру, медициналық көмек, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыруды қоса алғанда, қызметтер көрсететін ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі қолданысқа енгізілгенін атап өтті. Заңнамада жоғарыда аталған өзгерістер мен толықтырулар бұзушылықтардың алдын алуға, профилактикалық жұмыстарды күшейтуге бағытталған, кенеттен тексерулер жүргізуге мүмкіндік береді, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарда бақылау іс-шараларының неғұрлым жедел жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Спикер-білім беру және тәрбие объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Майра Белгібаева семинарға қатысушыларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа форматына қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.