
Қарағанды облысында 2025 жылдың 1 қазанынан бастап 2026 жылғы 29 қаңтар аралығында ЖРВИ-нің 154 мың 253 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық құрылымында 14 жасқа дейінгі балаларға сырқаттанғандардың 58%-ы келеді.
Облыста маусымдық тұмаудың 125 жағдайы зертханалық расталды, А (H3N2) – 124 жағдай (99%), А (H1N1) – 1 жағдай (1%), бұл вирустар жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде айналымда бар. Сырқаттанғандар арасында 14 жасқа дейінгі балалар 76% құрайды.
Тұмаудан басқа, аймақта басқа вирустар да айналымда бар. Зерттелген 1020 үлгінің ішінде тұмау емес вирустарды 36% құрады, олардың ішінде риновирус (32%), парагрипп (20%), РС-вирусы (13%), боковирус (11%), аденовирус (10%) басым және басқалары бар.
2026 жылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша сыныптар арасында 20% және одан да көп ауру-сырқаулығы тіркелген жоқ.
Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізуді жалғастыруда және тұрғындарды тұмау мен ЖРВИ алдын алу шараларын сақтауға шақырады:
- адамдар көп жиналатын жерлерде, әсіресе жабық үй-жайларда болу уақытын шектеу;
- мүмкін болса, түшкіру немесе жөтелу сияқты ауру белгілері бар адамдармен байланысын шектеу;
- қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, үнемі дымқыл гигиеналық және дезинфекциялық құралдармен өңдеу;
- орналасқан бөлмені жиі желдетіп, үнемі ылғалды тазалау;
- құрамында С дәрумені бар тағамдарды мүмкіндігінше көп тұтыну;
- аурудың алғашқы белгілерінде өзін-өзі емдемеу және байланыстарды шектеу, уақтылы медициналық көмекке жүгіну.