
Қарағанды облысында ағымдағы жылдың 1 қазаннан бастап 18 желтоқсан аралығында ЖРВИ-нің 124 мың 024 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық құрылымында 14 жасқа дейінгі балаларға сырқаттанғандардың 59%-ы келеді.
Облыста маусымдық тұмаудың 120 жағдайы зертханалық расталды, А (H3N2) – 119 жағдай (99%), А (H1N1) – 1 жағдай (1%), бұл вирустар жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде айналымда бар. Сырқаттанғандар арасында 14 жасқа дейінгі балалар 76% құрайды.
Тұмаудан басқа, аймақта басқа вирустар да айналымда бар. Зерттелген 771 үлгінің ішінде тұмау емес вирустарды 36% құрады, олардың ішінде риновирус (40%), парагрипп (24%), боковирус (15%), аденовирус (9,1%), РС вирусы (1,4%) басым және басқалары бар.
Бүгінгі күні 176 014 адам тұмауға қарсы вакцинациядан өтті.
Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап оқушылар арасында ЖРВИ-мен сырқаттанушылық – 14 004 жағдайды құрады, оның ішінде 42 оқушы тұмаумен ауырды.
2025 жылғы 19 желтоқсандағы жағдай бойынша облыс бойынша 1 мектеп, 2 сынып қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды, барлығы 45 оқушы.
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуді жалғастыруда және тұрғындарды тұмау мен ЖРВИ алдын алу шараларын сақтауға шақырады:
- адамдар көп жиналатын жерлерде, әсіресе жабық үй-жайларда болу уақытын шектеу;
- түшкіру немесе жөтелу сияқты ауру белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;
- қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, дымқыл гигиеналық және дезинфекциялық құралдармен үнемі өңдеу;
- орналасқан бөлмені жиі желдетіп, үнемі ылғалды тазалап отыру;
- құрамында С дәрумені бар тағамдарды мүмкіндігінше көп тұтыну;
- аурудың алғашқы белгілерінде өзін-өзі емдемеу, байланыстарды тоқтатып, уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажет.