"Салауатты жұмыс орындары" жобасын таныстыру бойынша кеңес өтті

"Салауатты жұмыс орындары"  жобасын таныстыру бойынша кеңес өтті

БҮГІН, 18 желтоқсанда, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Таурбековтың төрағалығымен ДДҰ "Салауатты жұмыс орындары" моделі бойынша Департаментпен әзірленген жобаның тұсаукесеріне арналған ведомствоаралық кеңес өтті.

Кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылығы қатысты.

Кеңесті аша отырып, Ораз Таурбеков қазіргі уақыттағы жылдам өмір сүру қарқыны мен технологияларды дамыту жағдайында қызметкерлердің денсаулығы өнімділікке, қауіпсіздікке және жалпы еңбек тиімділігіне әсер ететін негізгі факторға айналғанын баса атап өтті.

Кіріспе сөзінде Юрий Залыгин өнеркәсіптік секторда "Салауатты жұмыс орындары" бағдарламасын енгізу жұқпалы емес аурулардың алдын алу деңгейін едәуір арттыруға, қауіпсіз және қолайлы орта құруға, қызметкерлердің еңбек жағдайларына қанағаттануын арттыруға және өңірдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететінін айтты.        

Кеңеске қатысушылар үшін "Салауатты жұмыс орындары" бағдарламасын іске асырудың мақсаттары, міндеттері, іс-шаралары мен тетіктері туралы айтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Қарағанды облысының ірі және орта өндірістік кәсіпорындарында "Салауатты жұмыс орындары" бағдарламасын енгізуге кірісу туралы шешім қабылданды, бағдарламаны іске асырудың қадамдары да белгіленді.