
Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында әр ата-ана баласын сыйлықтармен қуантқысы келеді және осы кезде тәтті сыйлықтар ерекше сұранысқа ие, олардың ассортименті сауда объектілерінде өте көп.
Сыйлықты таңдағанда, әр ата-ана бағасы мен әдемі, түрлі-түсті қаптамасымен бірге олардың сапасы мен қауіпсіздігіне баса назар аударуы керек.
Сатып алудан бұрын сыйлықтың қаптамасын тексеріңіз, ол жабық және тұтастығы бұзылмаған болуы керек. Таңбалауда жарамдылық мерзімі, дайындаушы, оның орналасқан жері, кондитерлік өнімдердің құрамына кіретін ингредиенттер, құрамдас өнімдердің тізбесі, сақтау шарттары, сондай-ақ нарықтағы өнімнің бірыңғай айналым белгісі (ЕАС) туралы ақпараттың болуына назар аудару қажет. ЕАС әріптерінің болуы өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың қауіпсіздік талаптарына сәйкес дайындалғанын білдіреді.
Кондитерлік өнімдердің құрамында тағамдық қоспалар, консерванттар, гомогендендірілген майлар, оның ішінде пальма майы, синтетикалық бояғыштар, консерванттар (E202, E200, E249, E210) жоқ жиынтықтарға артықшылық беру керек.
Құрамында мармелад, желе кәмпиттері және суфле, пастила, зефир, печенье (бисквит, галет) толтырылған кәмпиттер бар жиынтықтарға артықшылық беру ұсынылады.
Егер сыйлықтың ішінде кондитерлік өнімдермен бірге ойыншық болса, онда ол туралы ақпарат қаптамада жазылуы керек. Жас шектеулері мен қауіпсіздік шараларын есте ұстаған жөн. Ойыншық қауіпсіз материалдардан, тұрақты жағымсыз иіссіз және тым ашық түсті болмағаны дұрыс. Онда шығыңқы бөліктері, бала жарақат алуы мүмкін өткір бұрыштар болмауы керек.
Жаңа жылдық сыйлықтарды белгісіз сауда орындарынан сатып алмаңыз. Егер сатып алу кезінде Сізде оның сапасына қатысты күмән туындаса сатушыдан тауардың шығу орнын, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұраңыз. Кондитерлік өнімдер үшін бұл - сәйкестік туралы декларация.