"Масс-медиа туралы" ҚРЗ бойынша құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізілді

"Масс-медиа туралы" ҚРЗ бойынша құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізілді

БҮГІН, ағымдағы жылдың 17 желтоқсанында, ZOOM форматында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қоғаммен байланыс жөніндегі бас маманы Айгүл Шатекова аумақтық басқарма мамандарына арналған құқықтық жалпыға бірдей оқыту-дәрісін өткізді.
Жалпыға бірдей оқытуда ҚР "Масс-медиа туралы" қолданыстағы заңдарына түсініктеме берілді. Аталмыш Заң өткен жылдың 19 маусымында күшіне енген, тиісінше "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" Заңдардың негізгі ережелерін біріктіретін "Масс-медиа туралы" ҚР жаңа Заңының негізгі тармақтары қаралып, түсініктеме берілді.
Спикер Қазақстанның медиа-саласын реттеу мәселелері бойынша жаңа заңға енгізілген бірқатар елеулі өзгерістер туралы айтып берді.
Сондай–ақ, zoom-кеңес шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеудегі басқа да проблемалық мәселелер талқыланды, аумақтық басқармалардың санитариялық-ағарту жұмыстарын өзектендіру үшін жаңа тәсілдер мен әдістерді қолдану, 2026 жылғы ақпараттық жұмыстағы басым бағыттар бойынша ұсыныстар берілді.