Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті 2025 жылдың 9 айындағы қызметін қорытындылады

Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаменті  2025 жылдың 9 айындағы қызметін қорытындылады

БҮГІН, 17 қазанда, Департамент басшысы Юрий Залыгиннің төрағалығымен Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Алқа отырысы өтті. Алқа отырысы жұмысына Департамент басшылығы, "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының басшысы Азамат Тусупбеков, облыстың аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары, облыстық департамент бөлімдерінің басшылары және Департаменттің, аумақтық басқармалардың мамандары қатысты.

Алқа өткізу барысында Қарағанды облысының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының 2025 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңнің  міндеттері айқындалды.

9 айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Облыс аумағында оба, тырысқақ, құтыру, туляремия, сібір жарасы, іш сүзегі, паротит, полиомиелит, дифтерия, қызамық, сіреспе  жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл инфекциялар бойынша жағдай үнемі бақылауда.

Тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілер мен өнімдерге, қоршаған орта объектілеріне (су, ауа, топырақ) қатысты санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асырады.

Кеңеске қатысушылардың ерекше назары қызмет жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, инфекциялық сырқаттанушылықты төмендету мақсатында жедел іс-шаралар қабылдауға, объектілердің санитарлық жай-күйін, халық тұтынатын өнім мен судың сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың қажетті көлемін қамтамасыз етуге, қадағалау тиімділігін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтауға бағытталған. Сонымен қатар департамент жұмысын кадрлармен қамтамасыз ету, аумақтық басқармалардың БАҚ-ты ақпаратпен қамтамасыз ету жұмысының қорытындысы мәселелері де талқыланды.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша облыс тұрғындарын профилактикалық егулермен қамтамасыз ету, жұмысты жандандыру, ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының орындалуын бақылау тапсырылды.