Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша кеңес өтті

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша кеңес өтті

Бүгін Департамент басшысы Юрий Залыгиннің төрағалығымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау бойынша кеңес өткізілді.

Аталған кеңеске Департаменттің және оның аумақтық басқармаларының барлық қызметкерлері қатысты. "Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің күні" кәсіби мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоятынын, ал қолданыстағы заңнаманың барлық талаптарын сақтау олардың қызметтік борышы болып табылатынын ескеру ерекше маңызды. Берік Жолдыбаев: "Әдеп кодексінің ережелерін сақтау сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда маңызды рөл атқарады және мемлекеттік қызметте болудың негізгі қағидаттарының бірі болып табылады!". Дмитрий Арнт мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан тыс мінез - құлқы да қоғамның, азаматтардың назарында екенін айтты.

Департамент сондай-ақ, егер сіз дайындалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы білсеңіз, бұл туралы департаменттің "сенім телефоны": 8 (7212) 41 14 28 немесе Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 2 мекенжайы бойынша хабарлауыңыз қажет екенін еске салады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді 1424.
Есіңізде болсын, сыбайлас жемқорлықтың әрбір жағдайы - біздің елімізге, оның экономикасына және қоғамына соққы! Бұған жол бермеңіз, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаңыз!