Жіті респираторлық вирустық инфекциялары, тұмаумен сырқаттанушылық бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар өтті

Жіті респираторлық вирустық инфекциялары, тұмаумен сырқаттанушылық бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар өтті

БҮГІН, 12 қыркүйекте, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ZOOM режимінде Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанованың төрағалығымен жіті респираторлық вирустық инфекциялары, тұмаумен сырқаттанушылық бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар жұмысына денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері және қалалар мен аудандардың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының  қызметкерлері (100 маман) қатысты.

ҚР ДСМ "НЦОЗ" ШЖҚ РМК жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Мейірім Жасаларқызы Сұлтанова тұмау және ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал және Қазақстан Республикасында қабылданып жатқан шаралар мәселелерін баяндады.

Семинарда Департаменттің бас маманы Анар Азыханова Қарағанды облысында ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықты эпидемиологиялық қадағалау және эпидемияға қарсы, профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері туралы айтты.

 Тұмау, ЖРВИ және СОVID-19 науқастарына клиника, диагностика, емдеу және медициналық көмек көрсету мәселесі бойынша Қарағанды қ. облыстық клиникалық ауруханасы КМК инфекциялық орталығының бөлімше меңгерушісі Б. Е. Аспандияров сөз сөйледі.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар тұмауға, ЖРВИ-ге және СОVID-19-ға зертханалық зерттеулер үшін биоматериалды алу, сақтау және жеткізу ережелерімен танысты.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға басым тәуекел топтары арасында тұмауға қарсы вакцинациямен қамтуды қамтамасыз ету, кеңейтілген эпидемиологиялық және зертханалық мониторингті жалғастыру және тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.