15 қыркүйекте елімізде алғаш рет кәсіби мереке - санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлерінің күні атап өтіледі.
Халық шаруашылығының дамуы, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қалалардың өсуі зертханалық зерттеулер жүргізуді, еңбек жағдайлары мен сыртқы ортаны жақсартуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды енгізуді қажет етті. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет елеулі өзгерістерден өтіп, халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды буын болып қала береді.
Осы мереке қарсаңында қызмет мамандары жұмыс істеген жылдарын, әріптестерін еске алып, таңдалған жолдың ерекшеліктері туралы айтып, болашақ санитариялық дәрігерлерге осы ізгі мамандық жолына лайықты қызмет етуді тіледі.
Бұл туралы толығырақ "Сарыарқа" телеарнасының "ГоворимPRO" бағдарламасынан қараңыздар:
https://www.youtube.com/watch?v=HV5B1zwJ8rI