Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ұйымдарының 2025 жылдың қорытындылары бойынша кеңейтілген мәжілісі өткізілді

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ұйымдарының 2025 жылдың қорытындылары бойынша кеңейтілген мәжілісі өткізілді

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау органдары мен ұйымдары қызметінің 2025 жылғы қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттері туралы кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

2026 жылғы 28 қаңтарда Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау органдары мен ұйымдары қызметінің 2025 жылғы қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттері туралы кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Кеңейтілген мәжіліске Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы А.Бекешева төрағалық етіп, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібінде 2025 жылы Атырау облысында қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал, санитариялық-гигиеналық ахуал, мемлекеттік тапсырыстың орындалуы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралар талқыланды. Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша департамент басшысының орынбасары Г.Ирбатырова баяндама жасап, облыста өткен жылы қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға тоқталды. Облыста қызылша ауруының балалар арасында жиі тіркелуі жағдайларына талдау жасалды. Осы орайда аталған мәселеге қатысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Джангалиева, Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Н.Укибаев қосымша баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша департамент басшысының орынбасары А.Исқақова баяндама жасап, 2025 жылы Атырау облысында қалыптасқан санитариялық-гигиеналық ахуалға талдау жасады. Облыстағы атмосфералық ауаның жай-күйі, полигондар, объектілердің СҚА белгілеу және т.б. күрделі мәселелер талқыланды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Е.Сұлтанғалиев баяндама жасады. 2025 жылы мемелкеттік тапсырыстың орындалуы баяндалды.

Жиынға  Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Атырау облысының Білім беру басқармасы, Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы, Атырау облысы  Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Атырау облысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ұлттық сараптама орталығының Атырау облыстық филиалы, ҚР АШМ ВБ жҚК Атырау аумақтық инспекциясы, Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері мен эпидемиологы, Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы және Атырау қалалық, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшылары  қатысты. Қатысушылар арасында сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан толық жауаптар берілді.

 

Кеңейтілген мәжіліс қорытындысымен Атырау облысы халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуде қалыптасқан өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар беріліп, хаттамалық шешім шығарылды.