
Сүт - табиғаттың өзі адам үшін дайындаған ерекше тағам. Бұл өнімде адамның туғаннан бастап терең қарттыққа дейін қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қажетті заттар бар (ферменттер, май қышқылдар, кальций, дәрумендер (A, C, D және B топтары), ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, гормондар және иммунды денелер, антитоксикалық қасиетке ие). Сүт - күнделікті сұранысқа ие өнім, сондай-ақ жоғары эпидемиологиялық мәні бар.
«Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 033/2013) техникалық регламентіне сәйкес сүт өнімдері: шикі сүт; сүт өнімдері; сүт құрамдас өнімдер; құрамында сүті бар өнімдер; құрамында сүт майын алмастырғышы бар сүт өнімдері; сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдері; сүт негізіндегі балалар тағамы өнімдері (сүт, сүт қышқыл қоспалары, сусындар, ботқалар және т.б.) болып жіктеледі.
Алматы облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және оның аумақтық басқармалары сауда объектілерінде үлгілерді сатып алу және оларға зертханалық зерттеулер жүргізу жолымен ай сайын өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігінің мониторингісін жүргізеді. 2020 жылы облыс бойынша 70-тен астам сүт және сүт өнімдері зерттеліп, оның 4%-ы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді. Сәйкес келмейтін сүт өнімдерінің 100%-ы таңбалау бойынша, 33%-ы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмеді.
Сүт және сүт өнімдері туралы не білу қажет?
«Ішуге арналған сүт» - құрғақ сүт өнімдерін, суды қоспай және тұтыну ыдысына құйылған, термиялық өңделген, кем дегенде пастерленген, сүт майының массалық үлесі 10 пайыздан кем болатын сүт өнімі. Сүт - тұтас, майсыздандырылған, нормаланған, байытылған болуы мүмкін.
Сүзілген және термиялық өңдеуден өткен сиыр сүті тұтас деп аталады. Ешқандай басқа технологиялық операциялар жүргізілмейді.
Нормаланған сүт - бұл сүт майы, сүт ақуызы және (немесе) сүттің құрғақ майсыздандырылған заттарының құрамы дайындаушының стандартына немесе техникалық құжатына сәйкес келтірілген сүт (мысалы, сүт майының құрамы 2,5%, 3,2% және т.б. дейін жеткізіледі).
Сүт өнімдерінде жиі «қалпына келтірілген сүттен жасалған» деген жазуды көруге болады. Бұл қойылтылған немесе қоюлатылған, немесе құрғақ сүт өнімдері мен судан өндірілген сүт өнімі екенін білу маңызды.
Сөрелерде құрамында сүт майын алмастырғышы бар сүт өнімдерін жиі көруге болады. Егер сүт өнімдерін өндіру кезінде 50%-дан аспайтын мөлшерде сүт майын алмастырғыш пайдаланылса, онда мұндай өнім – «құрамында сүт майының алмастырғышы бар сүт өнімі» деп аталуға тиіс. Мысалы, егер сүт өнімі қаймақ технологиясы бойынша өндірілген болса және оны өндіру кезінде сүт майын алмастырғыш пайдаланылса, онда мұндай өнім «қаймақ» деп атала алмайды. Бұл «қаймақ технологиясы бойынша өндірілген құрамында сүт майының алмастырғышы бар өнім». Таңбалауда осылайша көрсетілуі тиіс. Егер сүт майын алмастырғыштың құрамында өсімдік майлары болса, онда өндіруші таңбалауда: «Құрамында өсімдік майлары бар» деп көрсетуге міндетті.
Айран зеңдерінен дайындалған ашытқы арқылы өндірілген өнім ғана айран деп аталатынын білу маңызды. Егер өндіріс кезінде ашытқының басқа түрлері пайдаланылса, онда өнімді айран деп атауға болмайды, бұл – «айран өнімі».
Осылайша, әр алуан өнімдердің ішінен өзіңізді қауіпсіз емес және сапасыз сүт өнімдерін сатып алудан қалайша қорғай аласыз? Сізге таңбалау көмекке келеді. Сүт және сүт өнімдерінің тұтыну қаптамасында мынадай ақпарат болуы тиіс:
Таңбалаудағы барлық ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде, анық, оңай оқылатын, түсінікті болуы тиіс және тұтынушыларды жаңылыстырмауы қажет.
Құрметті сүт өнімдерін тұтынушылар мен өндірушілер!
Өнімді таңбалауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз Алматы облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне мына электрондық мекен-жайға: almobldkgsen@dsm.gov.kz немесе 8/7282/60-11-78 телефоны бойынша хабарласа аласыз.