«Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

«Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

 

Батыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтар жылына орай дәстүрлі «Еңбек жолы» облыстық конкурсының жеңімпаздары анықталып, салтанатты түрде марапатталды.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастамасымен еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізіліп келе жатқан бұл конкурс еңбек адамының мәртебесін арттыруға бағытталған.
Биылғы «Еңбек Жолы» конкурсының облыстық кезеңіне барлығы 38 үміткер қатысып, өз еңбегімен өңір дамуына Оның ішінде: «Үздік еңбек әулеті» номинациясына – 7 үміткер, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясына – 14 үміткер, «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясына – 17 үміткер бақ сынады.
Салтанатты жиында облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысушыларды құттықтап, еңбектің қоғамдағы орны мен маңызына тоқталды:
– Мемлекет басшысының бастамасымен ағымдағы 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы – маңдай терімен ел дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамын ардақтауға бағытталған тарихи қадам, – деді аймақ басшысы.
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Енді олар «Еңбек жолы» республикалық байқауына облыс атынан қатысып, Батыс Қазақстанның еңбек адамын баршаға танытпақ.