БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарына алғашқы баспаналар беріле бастады

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарына алғашқы баспаналар беріле бастады

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Орал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған 52 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына алынды.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беруде.

Батыс Қазақстандық Ризабек Айтқалиевтың саяжайдағы жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған.  Бүгін ол жаңа пәтеріне кіріп, мемлекеттің қолдауына алғысын білдірді.

«Жұбайымыз екеуміз 2-ші саяжай учаскесінде тұрдық. Су тасқыны кезінде жалғыз үйіміз суға кетті. Мемлекет бізді далада қалдырмады. Бүгін міне жаңа пәтерге қоныстанып отырмыз. Президентімізге рақмет»- деді Ризабек Айтқалиев.

Жаңа қоныс иелерінің бірі – Ералиева Рита. Бұл жанұяның да қуанышында шек жоқ.

«Қиын күндер артта қалды. Жақсылықтан үмітімізді үзбедік. Мемлекет тарапынан жасалған қолдау бізге демеу болды» -деді ол.

Осылайша Орал қаласында жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп танылған саяжай тұрғындарына алдағы уақытта жаңа үйлер сатып алу және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен 66 отбасыға баспана сатып алынуда.
Бүгін аудан бойынша 50 отбасы пәтерлеріне қоныс аударды. Қалған 16 тұрғынға жақын уақытта пәтерлер сатып алынады.

Бөрлі ауданы бойынша 60 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, әр үйдің ауданы 80 шаршы метр болады.
Су тасқынынан зардап шеккен Ләйлә Жұмағалиева есімді көп балалы ана сатып алынған пәтеріне кіріп, мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек үшін алғысын білдірді.

«Су тасқыны салдарынан Бөрлі ауданы Пугачев ауылындағы үйіміз жарамсыз болып қалды. Комиссияның қорытындысы бойынша Ақсай қаласынан үй сатып алуға келістік. Төрт бөлмелі пәтерге кіріп отырмыз. Енді қуанышымызда шек жоқ. Қолдауы үшін бірінші кезекте Президентімізге алғыс білдіреміз»- деді Ләйлә Жұмағалиева.

Сондай-ақ, су тасқынан зардап шеккен аудан тұрғындарына 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер жүргізілді. Бүгінде Бөрлі ауданы бойынша тұрмыстық заттар мен жиһаздардың шығынын өтеу үшін 168 отбасыға 63 млн теңге көлемінде қаржы төленді.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасы аясында қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс бойынша су тасқынынан зардап шеккен аудандарда 401 тұрғын үй салынуда.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында - 5 үй, Бәйтерек ауданында - 2 үйсатып алынды. Ал, Орал қаласындағы жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп танылған саяжай тұрғындарына алдағы уақытта жаңа үйлер сатып алу және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

БҚО Бәйтерек ауданында 2 отбасы және Теректі ауданында 5 отбасы баспаналы болды.

Бәйтерек ауданы Достық ауылының тұрғыны Ақмарал Сламғалиқызының  баспанасы су тасқыны салдарынан жарамсыз болып қалған. Бүгін де Ақмарал Сламғалиқызы жаңа үйіне қоныстанды.

«Үш бөлмелі үйім суға кеткен болатын. Қорқынышты уақытты бастан кешірдік. Алайда Президенттің далада қалмайсыздар деген сөзі бізге үлкен үміт берді. Алғысымыз шексіз. Міне бүгін баспаналы болып отырмыз» - деді ол.

Ал, Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылының тұрғындары да баспанаға қол жеткізе бастады.

Жүргізілген техникалық зерттеу нәтижесінде Подстепное ауылы бойынша 116 тұрғын үй жарамсыз деп танылған. Қазіргі таңда 106 үйдің құрылысы басталса, 10 тұрғын үй сатып алынуда.

Баспанасы суда қалған жандардың бірі – Айгүл Кеңесова. Бүгін ол алғашқылардың бірі болып, жаңа пәтерінің кілтін алды.

«Мен осы ауылдың тұрғынымын. Су тасқыны кезінде жалғыз үйім суға кетті. Бұл мәселе күзге дейін созылып кете ме деген қорқыныш болған еді. Алайда әкімдік аз ғана уақытта бізге пәтер сатып әперуге ықпал етті. Осылайша бүгін қоныс тойын тойлап жатырмыз. Мемлекет басшысына алғысымды білдіремін»,- деді Айгүл Кеңесова.

Орал қаласында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған тағы 6 саяжай тұрғыны баспаналы болды. Жаңа пәтерлер демеушілер қаржысына сатып алынды.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаржылық ұйымдар мен демеушілер өңірдегі зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созып, көмегін беруде.

Оралдық Қайрат Шакировтың саяжайдағы жалғыз баспанасы суға кетіп, жарамсыз деп танылған.  Бүгін ол жаңа пәтеріне кірді.

«Су тасқынынан кейін эвакуациялық пунктте тұрдық. Тезірек баспаналы болғымыз келді. Бүгін арманымызға қол жеткізіп отырмыз. Мемлекет басшысына алғысымызды білдіреміз»-деді ол.

Осылайша Орал қаласында жалғыз баспанасы болып есептелетін, үйлері апатты деп танылған саяжай тұрғындарына алдағы уақытта жаңа үйлер сатып алу және салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі